ҚР Президенттігіне кандидаттар саны 9 адамға жетті

0
35

20140802130943

ҚР Президенттігіне  кандидаттар саны 9 адамға жетті. Бұл туралы бүгін  ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, кандидаттардың 8-і өзін өзі ұсынса, бір азамат Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан кезектен тыс президенттік сайлауға түсіп отыр. «Қазіргі уақытта өз кандидатурасын 9 адам ұсынды. Оның бірі дәл қазіргі уақытта мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеу сынағын тапсыруда», – деді Б.Мелдешев.

«5 наурызда ҚР президентіне кандидат ретінде 9 адам тіркелді.  Асқар Жорабайұлы Сырғабаев 1959 жылы дүниеге келген, жеке кәсіпкер. Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынып отыр. Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов 1962 жылы дүниеге келген. Уақытша жұмыссыз, Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Лимана Қойшиева 1969 жылы дүниеге келген, «Рухани қоғам әлемі»  қоғамдық ұйымының президенті. Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған. Бақыт Төлегенұлы Абдукаримов 1977 жылы дүниеге келген, «JH-Құрылыс» ЖШС-ның инженер құрылысшысы. Өзін-өзі ұсынған, Астана қаласында тұрады.  Сухраб Аминжанұлы Мырзашов 1984 жылы дүниеге келген. «JH-Құрылыс» ЖШС-нің жүргізушісі. Астана қаласында тұратын бұл азамат та өзін-өзі ұсынып отыр. Есенбек Уктешбаев 1958 жылы дүниеге келген. Қоғам қайраткері, Алматы қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынып отыр. Якобжан Жүнісбеков 1946 жылы дүниеге келген, зейнеткер. Тұрғын Сыздықов 1947 жылы дүниеге келген. Мемлекеттік, банктік және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Бұл азаматтың кандидатурасын «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр. Ең соңғы, қазір ғана тіркелген азамат Жұман Қанат Тоқтарұлы 1969 жылы дүниеге келген. «Астана мұнай групп 2007» ЖШС Жанармай құю бекеттерінің бастығы. Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған», – деді ОСК хатшысы.

Инфорам.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз