Келесі АҚШ президенті кім болады?

0
84

 

АҚШ-тың жаңа президентін сайлауға бір жыл бар. Дегенмен Америкада сайлау алды жарыс басталып кетті деп хабарлайды Астана арнасы.

Келесі АҚШ президенті кім болады?

Барак Обаманың екінші президенттік мерзімі аяқталады. Үшінші рет сайлауға түсуге құқы жоқ. Құрама Штаттарды басқарудан дәмелі ондаған үміткердің ішінде губернаторлар, сенаторлар мен басқа да саяси қайраткерлер бар. Дегенмен таққа Буш пен Клинтондар отбасы таласатын сияқты. Ол Хиллари Клинтон мен Джеб Буш. Ақ үйдің келесі қожайыны кім болатынын әзірге сарапшылар да дөп басып айта алмайды. АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы һәм экс-бірінші ханым.

Сарапшылар мен қарапайым америкалықтар Хиллари Клинтонды демократтардың сөзсіз лидері санайды. Бір кездері саясатпен қош айтысқанын мәлімдеген ол, күні кеше көпшілікті болашақ жоспарынан хабардар етті.

«Тақтаның алдынан балаларға білім беретін мұғалім әйелді көргілеріңіз келмейді ме? Мэр, губернатор әйелдерді ше? Конгрессте әйелдердің жұмыс істегенін қаламайсыз ба? Ал Құрама Штаттардың алғашқы әйел президентін көргілеріңіз келеді ме?», – деді АҚШ экс-мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

Клинтон мемлекеттік хатшы болған 4 жыл ішінде тек жеке электронды поштасын пайдаланған. Заң бойынша хат-хабарды үкіметтік пошта арқылы алмасуы тиіс.

Хиллари Клинтон қалың бұқараға аса танымал. Жағымсыз қырынан да көзге түскені бар. Мәселен, New York Times жуырда Клинтон мемлекеттік хатшы болған 4 жыл ішінде тек жеке электронды поштасын пайдаланғанын жазды. Заң бойынша хат-хабарды үкіметтік пошта арқылы алмасуы тиіс. Алайда мемлекеттік департамент бұл жолы бұрынғы басшыға шаң жуытпады.

Ал Крис Стивенсонның өліміне соқтырған Ливияның Бенгази қаласындағы АҚШ елшілігіне жасалған шабуыл мемлекеттік департаменттің салғырттығын көрсетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады деп сынға ұшырады. Десе де Клинтон сайлау қорына 1 миллиард доллар жиналғанын мәлімдеді. Саяси додаға осынша қаржы қажеттігін алдында өзі айтқан.

АҚШ та сайлауға қатысуға қажетті соманы қоғам мүшелерінен жинау қалыпты жағдай. Оған табысты бизнесмендер, қарапайым халық та үлес қосады. Мақсат – сенім артқан кандидатқа көмек көрсету.

Келесі басты үміткер – ағасы мен әкесінің орнын басқысы келетін Джеб Буш. Одан Хиллари Клинтонның салмағы басым екені даусыз. Сондықтан кіші Бушқа, сайлаушылардың сеніміне иелену үшін, біраз тырысу керек. Оған қоса республикашылар партиясынан тізімде 14 кандидит бар. Үлкен Буш қазір 91 жаста. Әр бес жылдығын ол парашюттан секіріп тойлайды. Бұл хоббиін 90-ға толғанда паркинсон сырқатына қарамастан қайталады. Президент болудан үміткер Джеб Буштың мексикалық қызға үйленгені беделіне кері әсер етуі мүмкін.

Испанша таза сөйлейтіні және иммирганттаға ара түсетіні тағы бар. Ол өткен аптада Мэрилендте иммигранттарды қолдайтынын тағы білдірді. Сөйтіп, қарсылыққа тап болды.

«Мен сіздердің жан жараларыңызды білемін және түсінемін. 11 млн адамды ешкім де депортацияламайды. Біз оларға заңды мәртебе, дұрыс жұмыс беруіміз керек. Содан соң тіл үйреніп, қоғамның толық мүшесіне айналады», – дейді Флорида штатының экс-губернаторы Джеб Буш.

Жақында презденттікке басты үміткерлердің қатарына миллиардер Дональд Трамп қосылды. Ол саясатқа еріккеннен емес, Американың жағдайы мүшкіл болған соң, келгенін айтады. АҚШ билігі кімнің қолына өтетінін келесі жылы сәуірде бір-ақ білеміз. Конгресстегі аралық сайлауда Барак Обаманың жеңілгенін ескерсек, демократтардың жағдайы мәз емес. Қалай болғанда да, алдағы сайлау АҚШ тарихындағы ең бір қызу додалардың бірі болғалы тұр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз