Жаңаөзенде басшылыққа шағымданған полицейлер жұмыстан қуылды

0
368

 

Жаңаөзенде прокурор көмекшісі мен уақытша бейімделу орталығының бас дәрігерін жалған құжаттар жасап, жұмыстарына кедергі жасағаны үшін шағымданған полиция қызметкерлері қызметтерінен қуылды. Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Жаңаөзенде басшылыққа шағымданған полицейлер жұмыстан қуылды

Бұл дау полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізген Б. азаматын тоқтатқанынан басталды.

Жүргізушіні құрықтауға қатысқан полиция қызметкерлері прокурор көмекшісінің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, прокуратураға арыз жолдаған. Сонымен қатар олар қызметтерінен кету жөнінде арыздарын қалдырды.

Прокуратура бастаған тергеу әлі жалғасуда. Алайда полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды.

Полицияда мәлімдегендей, олар өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз бергеннен соң жұмыстан шыққан.

Полицейлер 3 наурызда олар шақыртылып, субординацияны бұзғандары әрі рұқсатсыз баспасөзге жүгінгені үшін жұмыстан шығарылғандарынан хабардар болғандарын айтады.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз