Өзге көліктің нөмірін жапсырып жүрген әкім

0
439

3

Ақмола облысында   пайда болған «елес» автокөлікті тоқтатқан полицейлердің өзі аң-таң болды. Елес дейтіні, шетелдің қымбат тұлпары жалған нөмірмен жүреді. Сөйтсе, өзге көліктің нөмірін жапсырып жүрген өздерінің әкімі екен.

«Toyota Land Cruiser 200» маркалы көлігін тоқтатып, тексермек болған тәртіп сақшылары темір тұлпардың мемлекеттік нөмірі басқа машинаға тиесілі екенін анықтаған. Ол аздай, көліктің рөлінде отырған   Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы болып шыққан. Ақыры, әкімнің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, соттың шешімімен  бір жылға  көлік жүргізуі құқығынан айырылды.  Сондай-ақ судья әкімді тәртіптік жазаға тарту туралы шешім қабылдау үшін оның ісін мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы агенттікке жіберген. Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы бұл қызметке биылғы жылдың 13 қаңтарында тағайындалған.

– See more at: http://www.31.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз