Түркияда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтеді

0
64

Бүгін Түркияның Анкара қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді деп хабарлайды qamshy.kz порталы.

Анкара қаласында орналасқан Халықаралық Хаджеттепе университетінде Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанына орай ғылыми-практикалық конференция өтпек.

Шараны Анкара әкімшігі мен Түркиядағы Қазақстан елшілігі және Халықаралық Қ.А.Яссауи атындағы университет ұйымдастырды.

Аталмыш ғылыми конференцияға Қазақстан атынан Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әділ Ахметов, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев т.б. ғалымдар мен жазушылар қатысады.

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз