Ақтауда 40 жастағы жергілікті тұрғын жас көңілдесіне шабуыл ұйымдастырды, деп хабарлады құқық қорғау
органдары.
Оқиға өзінің 40 жастағы көңілдесімен демалуға шыққан Ақтаудың 6 ықшам ауданда тұратын 25 жасар жігітпен болған деп жазады жергілікті Лада басылымы.
Пәтерге кеш қызу өтіп жатқанда белгісіз адамдар басып кіріп, жас жігітті соққының астына алып, қолындағы 3000 теңгесін тартып алған. Қаскөйлер белгісіз бағытта іздерін суытқан.
Полицияға шағымданған жәбірленуші тергеу барысында істің мән-жайын біліп аң-таң болған. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, жігітке қарсы шабуылды көңілдесі ұйымдастырған.
Белгілі болғандай, қастандық жасаушы өзінің танысына есікті әдейі ашқан. Шабуылды жасаған 4 ықшам ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиғаның толық жай-жапсары хабарланбады. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.