Роналду екінші рет қатарынан әлемдегі ең бай футболшы атанды

0
54

Астана. 6 наурыз. Baq.kz – Мадридтік «Реал» футбол клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду осымен екінші рет қатарынан әлемдегі ең дәулетті футболшы атанды. Goal.com порталының хабарлауынша, оның байлығы 210 миллион еуроға тең.

 

Аталған тізімнің екінші сатысында «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси тұр. Оның есебіндегі ақшасы Роналду жинаған қордан 10 миллионға кем. Ал, үшінші орынға Мессидің командаласы, бразилиялық футболшы Неймар жайғасқан (135 млн еуро). Тізімнің 4-5 сатыларына тиісінше швед Златан Ибрагимович (105 млн еуро) пен Англия ашбуылшысы Уэйн Руни (103 млн).

30 жастағы португалдықтың дәулеті соңғы уақытта айтарлықтай артқан. Бұған клубтың Чемпиондар лигасындағы жеңісі пен клубтар арасындағы әлем біріншілігіндегі жеңісі себеп болып отыр. Оның үстіне, Роналду 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері де атанған болатын. Бұл да өз кезегінде футболшыға қосымша бонустар сыйлады.

Сондай-ақ, Роналду Toyota, Herbalife, Samsung және Nike компанияларының жарнамасын жасап, ол үшін тиісті ақысын алған

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз