Қаржыға кенелеміз деген украиналықтар Қазақстанға ағылуда

0
80

Қаржыға кенелеміз деген украиналықтар Қазақстанға ағылуда

Экономикасы тұрақты Алматы нарығынан пайда тауып қалғысы келетін өзге ел кәсіпкерлерінің қатары көбеюде. Әсіресе, қаржы қыспағын сезіп жатқан Украина елінің қалталылары Қазақстанда қомақты қаржыға кенелеміз деген сеніммен ат басын бұрып жатыр.

Осылайша, қала қоржыны соңғы 3 айда 6 миллиард теңгеге қампиыпты. Украинадағы қақтығыс кәсіби қызметкерлердің де санын қысқартты. Енді күрмеуі қиын саланың мамандары Қазақ еліне келіп еңбек етуге кіріскен.

Әсіресе, маркетинг пен техникалық әрі қызмет көрсету саласы жолға түсіп келеді. Бұл тәсіл біздің мамандар үшін таптырмас тәжірибе. Айта кетейік, жалақыға келгенде бөліп- жару жоқ. Шетел жұмысшылары отандық қызметкерлермен бірдей алады.

«Бүгінде Украинадан Қазақстанға келіп жұмыс істеуге екі фактор әсер етуде. Біріншіден, аталған мемлекеттегі дағдарыс жағдайы себеп болса, екіншіден Украина мен Қазақстанның ішкі нарығы бір-біріне ұқсас келеді. Яғни, ел азаматтары бізге келіп жұмыс істеуге тез үйреніп кетеді. Тәжірибесі мол мамандар келгенде, қазақстандық кәсіпкерлер дереу жұмысқа алып жатыр. Ал, отандық және шет елдік мамандар үшін жалақы көлемі бірдей төленеді»,- деді рекрутингтік агенттіктің менеджері Әсел Шәкенова.

Тәжірибесі мол мамандар келгенде, қазақстандық кәсіпкерлер дереу жұмысқа алып жатыр. Ал, отандық және шет елдік мамандар үшін жалақы көлемі бірдей төленеді.

Жарнама жасауда алдарына жан салмайтын украиналық компания 1 айдан бері Қазақстанда қызмет етуде. 10 жылдан бері ғаламтор арқылы Америка, Африка, Азия елдерінде жұмыс істеп келе жатқан маркетингтік агенттік біздің елге келмес бұрын экономикалық хәл-ахуалымызды бүге-шүгесіне дейін зерттепті.

Айтуларынша, соңғы уақытта Украина халқының тауар сатып алудағы белсенділігі бәсеңдеген. Есесіне, аталған кәсіп түрі Қазақ елінде күн құрғатпай дамып келеді.

Ескере кетерлігі, Украинадағы электронды нарық та 2 есеге қысқарып, құлдырай бастаған.Сондықтан Қазақстан ең тиімді орта болып отыр.

«Қазақстан нарығына келіп жұмыс істеуіміздің бірден-бір себебі ел экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты күннен күнге жақсарып келе жатыр. Оған қоса, бұқараның ғаламтор бизнесіне деген қызығушылығы жоғары. Сондай-ақ, Қазақстандағы ірі компаниялар интернет арқылы жарнама жасау үшін көп қаражат құюдан қорықпай, тәуекелге бара біледі»,- деді маркетингтік агенттіктің директоры Илья Мещенко.

Айта кетейік, Алматыға ағылатын өзге елдің азаматтары кәсіпкерлікпен айналысса, табыстан түскен қаражаттың 15 пен 20 пайызын салық ретінде төлеуге міндетті. Осылайша оңтүстік астананың бюджетіне бейрезиденттерден 3 айдың ішінде 6 миллиард теңгеден астам қаражат құйылған. Бұл былтырғы дәл осы уақытмен салыстырғанда, 1 жарым миллиард теңгеге артық.

Қазақстандағы ірі компаниялар интернет арқылы жарнама жасау үшін көп қаражат құюдан қорықпай, тәуекелге бара біледі.

Айта кетейік, былтырдан бері еңбек иммигранттарының елімізге келіп жұмыс істеуі нақты бір жүйеге келтірілген болатын. Мәселен, сырттан келетін азамат әр ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлейді.

Былтыр 7 жарым мыңнан астам келімсек келіп, Алматының қазынасын 94 миллион теңгеге қампайтыпты. Ал, биыл жыл басынан бері 94 кірме тіркеліп, 1 жарым миллион теңге көлемінде салық төлеген.

Источник: Алматы ТВ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз