Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика әйелдерін келе жатқан 8 наурыз – халықаралық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
«Мен сіздерді Астанада, Ақорда көргеніме қуаныштымын және көктемдегі алғашқы тамаша 8 наурыз мейрамымен құттықтаймын», – деді Назарбаев жұма күні әйел жұртшылығы өкілдерімен болған кездесуде.
Ол Қазақстанда 9 млн әйелдің тұратынын атап өтті. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің көпшілігі – әйелдер. Денсаулық сақтау саласында олардың үлесі 75%-ды құрайды, бизнесте – 40%-ды.
«Кейде жанұяда жанжалдар болады, онсыз болмайды. Егер әйел адам еркегіне әрдайым ұрсатын болса, онда ол оны жәннатқа дайындап жатыр деген сөз. Ол ашуланып күйеуіне былай дейді: «мен саған шыққанда, соқыр және керең едім». Ал әлгісі айтады: «көрдің бе, мен сені жазып шығардым», – деп күлкілі әңгіме айтып берді мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 2014 жылы 400 мың баланың туылғандығынан хабардар етті.
Ол қоғамның, елдің моральдық қағидалары әйелдерге тәуелді екенін баса айтты.
«Бүкіл мемлекеттік саясат, біздің жасап жатқанның бәрі – әйелдер үшін, сіздер үшін», – деп түйіндеді сөзін Қазақстан президенті.