Әлемдік анимацияның классикасы «Күлше-қыз» ертегісі 65 жылдан кейін қазақ тіліне аударылды

0
1849

6

«Disney» анимациялық фильмнің «Күлше-қыз» ертегісі кинематография тарихындағы ірі фильмдердің бірі болып табылады. Оның жасалуына Уолт Дисней өзі қатысқан. Бүгінгі күні «Disney» компаниясы мен «Қазақстан» ұлттық арнасының ынтымақтастығының арқасында қазақстандық көрермендер осынау тамаша анимациялық фильмді өздерінің ана тілінде, яғни қазақ тілінде көре алады», – деп пікірін білдірді «Уолт Дисней Компани СНГ» ААҚ бас директоры Марина Жигалова-Озкан.

13 кейіпкер және олардың бейнесіндегі қазақстандық актерлар бойжеткеннің басынан өткен сезімге толы, әдемі хикаясын баяндайды. Айта кететін жайт, түпнұсқада 9 актер болса, олардың екеуі кейіпкер-адамдарды сөйлетіп қана қоймай, сонымен қатар 2 тышқанды да сөйлетті.

«Күлше-қыз» көп жобалардың бірі болып қана қоймай, «Қазақстан» Корпорациясының кинокөрсетілім және дубляж бөлімінің жұмыс тобына берілген зор мүмкіндік болды. «Қазақстан» РТРК кинокөрсетілім және дубляж бөлімінің бастығы Гүлнәр Рахимова: «Күлше-қыз» музыкалық мультфильм. Көптеген әдемі композицияларға толы, оларды тиісті түрде орындау міндеті бізге жүктелді. Сондықтан Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік филармониясының камералық хорын қатыстырдық».

8-наурыз күні «The Walt Disney Company» мультимедиялық империяның классикалық шығармасы қазақ тілінде «Қазақстан» телеарнасының эфирінде сағат 16.45-те көрсетіледі. 9-наурыз күні сағат 13.10-де қайталауы көрсетіледі.

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз