Нұрлан Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды

0
443

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрлан Жоламанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды
«Сот Нұрлан Жоламановты 235 баптың 3 бөлігі және 366 бап бойынша кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды», – деді судья Ербол Ахметжанов.

Еске сала кетейік, Нұрлан Жоламанов ірі көлемде пара алып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін ұсталған болатын.

Сот залында Жоламанов кінәсін мойындамай, өзінің қамалауын «саяси тапсырыс» деп түсіндірді. Ал оның көмекшісі, осы іс бойынша кінәлі деп танылған Қайрат Балмағамбетов барлық кінәсін мойындады.

Бар кінәсін мойындап, істі жүргізуге көмектескені үшін сот Қайрат Балмағамбетовті жазалаған жоқ.

Нұрлан Жоламанов Шекара қызметіне 2013 жылдың қаңтарында келген болатын. Бұған дейін ол түрлі әскери қызметтерде болған.

Жоламанов жалпы есебі 250 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз