Семейде ұрылар қолды қылған затын қайда жіберерін білмей титықтады

0
716
Семейде ұрылар қолды қылған затын қайда жіберерін білмей титықтады
Семейде ұрылар 3 тонна феррохром қорытпасын қолды қылған. Алайда оған не істерін білмей біраз бас қатырыпты деп хабарлайды КТК арнасы.Сөйтіп, өндіріске қажет заттарды әлдебіреуге сатпақ болғанда жолдарын тәртіп сақшылары кескен. Ақша таппақ болған 8 жігіт Қытайға жол тартқан пойызға ұрлыққа түскен. Жүріп бара жатқан вагонға жармасып, оның ішіндегі тастарды қапқа салып жолдың бойына лақтырыпты.

Алайда қолды болған сұр заттардың не екенін білмей, оны тым құрығанда сату керек деп шешіпті. Полицейлер олардан 3 тоннаға жуық феррохромды тәркілеген. Оның не екенін білмедік деп ақталған ұрыларға тәртіп сақшылары сенер емес.

«Ұрланған тастардың не екенін білмедік деп ақталғаны күмән туғызады. Арнайы көлік жалдап, қалаға аттанғанына қарағанда, олардың сататын орындары да болған. Тергеу әлі аяқталмады. Сондықтан нақты қорытынды кейін белгілі болады», — дейді Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы Алмас Ақтаев.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз