«Кенесары-хан» қорының президенті астаналық Уәлихан Қайсаров өзін-өзі ұсыну тәртібімен үміткер болып тіркелуге Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген.
1965 жылы дүниеге келген Уәлихан Қайсаров 2015 жылғы 6 наурызда ОСК-ге өтініш түсірді.
Еске сала кетсек, Қайсаров 2011 жылы президенттікке үміткерлер қатарында болған еді. Ол мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі комиссияның сынынан өте алмаған. Нәтижесінде лингвистикалық коммиссия оның мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген қорытындыға келген еді. Себебі ол өзіне берілген 2 беттік жазба жұмысында бас- аяғы 28 қате жіберген. Бірнеше күн өткенне кейін Қайсаров сайлауға түскісі келетінен айтып тағыда ОСК-ге өтініш берген еді. Сондай-ақ сол уақытта лингвистикалық коммиссияның шешіміне қарсы шағым түсірген Қайсаровтың арызын Жоғарғы соттың өзі қарауадан бас тартқан болатын
Сөйтіп, бүгінгі күнге дейін перзиденттікке үміткер 11 адам өз кандидатураларын ұсынды. Сонымен бірге ОСК президенттікке үміткер ретінде өтініш берген олардың ішіндегі төрт адамды – Бақыт Төлегенұлы Әбдікәрімовті, Сухраб Әминжанұлы Мырзашевті, Асқар Жорабайұлы Сырғабаевты және Сафиолла Қалабайұлы Алдажановты тіркеуден бас тартты.
Тіркеуден бас тартудан себептер ретінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда және Конституцияда Қазақстан Республикасының Президентіне үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес еместіктері көрсетілген.