Уәлихан Қайсаров президент сайлауы додасында тағы бақ сынайды

8
81

Президенттікке ниет білдіргендердің тізімінде Уәлихан Қайсаров пайда болды. Ол «Кенесары хан» қорының басшысы ретінде өтініш берген, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Қайсаров 2011 жылғы президент сайлауының науқанына белсенді қатысқан болатын. Ол мемлекеттік тіл емтиханын тапсырмақ болды, бірақ лингвистика комиссиясы ол қазақ тілін жетік білмейді деген қорытынды жасады. Комиссия оның жазған жұмысынан 28 қате тапты. Бірнеше күннен соң Қайсаров Орталық сайлау комиссиясына тағы өтініш берді. Кейін Жоғарғы сот өкілдері лингвистика комиссиясының үстінен берген оның шағымын қанағаттандырмай тастады.

Қазіргі уақытта президент сайлауына түсуге ниет білдіргендердің тізімінде 11 адам тұр. Орталық сайлау комиссиясы оның төртеуін тіркеуге алудан бас тартты.

8 ПІКІРЛЕР

  1. Президент – кез-келген елдің бетке ұстар азаматы. Ол өз ана тілімізді білмесе басқалар туралы сөз қозғамай-ақ қойса да болады. Сондықтан үміткердің қазақ тілін меңгеруі басты талаптарының бірі болғаны өте дұрыс.

  2. Менің пікірім, дәл бүгінгі күні Назарбаевқа теңетін, президентікке лайық адам жоқ

  3. Әрине, әрбір кандидаттың мемлекеттік тілді жетік білгені дұрыс. Бұған қоса, халық білетін тұлға болғанын құптар едім.

  4. Тілін дұрыстаған шығар… Ілім жағынан қазіргі Президентке маңайлайтындар әй кездеспейді-ау!

  5. Қайсаров білуімше, Кенесары хан қорының жетекшісі. Шамасы, ханның басын әкелсе, Қазақстанның бар мәселесі шешіледі деп біледі-ау. Кім білсін..

  6. Кайсаров председатель общественного фонда «Кенесары хан». Кажется, он решил решить все проблемы страны с доставлением головы хана. Хорошая программа, а что?

  7. 2011 жылы Президент сайлауында 28 қателік жіберіп, сынақтан өте алмай қалып еді. Бұл жолғысы қалай болар екен? Жақсылап дайындалған шығар

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз