Алматы әкімі қаланың азаматшаларын келе жатқан Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, күйсандықта «Мәңгі махаббат» туындысын ойнап берді.
Мерекелік концерт Республика сарайында өтті.
Қала басшысы салтанатты басқосу кезінде әйелдердің экономиканы, білім мен денсаулық сақтауды, ғылым мен спортты және мегаполистің басқа да салаларын дамытуға қосып отырған орасан үлестерін ерекше атап өтті.
Яғни, бүгінгі күні шаһар бойынша мегаполистегі компаниялар басшыларының үштен бірі әйелдер, жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдер саны 50%-дан астам.
«Әйелдер еңбек ететін барлық саланы атап өту мүмкін емес. Біздің қыз-келіншектер кез-келген іс пен түрлі мамандықты дөңгелетіп әкетеді деп айтуға болады. Қаламыздағы үш мыңға жуық «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» таққан көп балалы аналар үлкен құрмет пен алғысқа лайық. Сіздердің балаға деген аналық махаббаттарыңыздың арқасында біздің демографиялық өсу қарқынымыз жоғары», – деді Есімов.
Айта кетейік, 2014 жылы қала тұрғындарының саны 6%-ға өсіп, 41,6 мың сәби өмірге келген. Сондай-ақ, қала әкімі Ұлы Отан соғысына қатысқан 157 ардагер аналарды ерекше құттықтады.
Кеш соңында әкім әйелдер қауымына арнап, күйсандықта «Мәңгі махаббат» туындысын тарту етті.
Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/358708.html