Ақордада 8 наурыз мерекесiне орай президентпен өткен кездесуден кейiн «Ең сұлу волейболшы» танылған Сабина Алтынбекова елбасымен жүздесуден алған әсерiмен бөлiстi.
«Көңiл-күйiм тамаша. Бүгiн президентпен кездестiк, бұл бiз үшiн өте үлкен сый болды. Бiз үшiн зор мәртебе. Президенттiң сөздерi қанаттандырады, дұрыс бағыт бередi, алдағы арман-мақсаттарға қол жеткiзу үшiн сенiмдiлiктi арттырады», – деді Сабина Алтынбекова.
Сондай-ақ, волейболшы қыз әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесiмен құттықтады.
«Қазақстан әйелдерiн мерекемен құттықтаймын. Жақсылық, табыс тiлеймiн, өз мақсаттарыңызға жете берiңiздер», – деген тiлегiн жеткiздi Сабина.
Айта кетейiк, бүгiн Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада мемлекет, қоғам өміріне белсенді араласып жүрген, өз кәсібінің білгірі, отбасы ұйытқысы болып отырған әйелдермен кездесіп, оларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.