
Көріпкел Бақыт Жұматова қатерлі ісік, қант диабеті мен бедеулікті енді тамшы арқылы емдеуге болатынын айтты деп хабарлайды 31 арна.Оның сөзінше, химиялық қоспасы жоқ өнім, сұлулықты да сақтауға пайдасын тигізеді. Осыған дейін «алаяқ» деп талай сынның астында қалған аты шулы көріпкел Бақыт Жұматова «жасарту эликсирін» көпшілікке паш етті.
Алайда ешбір сынақтан өтпеген өнімін қалай қолдану керектігін де ашып айтпады. Тек қолдың күре тамырына тамызу қажет дегеннен әріге аса алмады. Көріпкел өнімін бақандай 370 мың теңгеге бағалайды.
«Мен көріпкелмін ғой бәрін көремін. Соның арқасында 2013 жылы формуланы көрдім. Маған оның адамдарға қалай жақсы әсер ететінін айтты », — дейді көріпкел Бақыт Жұматова.
Ал еліміздің тәжірибелі косметологтарының айтуы бойынша, ешбір эликсирсіз-ақ жастық қалыпты сақтап қалуға болады екен.
По сообщению сайта Nur.kz