Президенттікке тағы бір үміткер мемлекеттік тіл сынағынан өте алмады

1
65
Президенттікке тағы бір үміткер мемлекеттік тіл сынағынан өте алмады
2015 жылғы 7 наурызда Орталық сайлау комиссиясында президенттікке кандидат Қанат Тоқтарұлы Жұманның мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.

Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша, лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен президенттікке кандидат Жұман Қанат Тоқтарұлының мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім қабылдады.

Комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков бірінші жазбаша тапсырмада кандидат өзі таңдаған «Менің елім — менің жерім» тақырыбын аша алмағанын, ойын нақты және жүйелі жеткізе білмегенін айтты.

«Жалпы, кандидат 31 орфографиялық, стилистикалық және пунктуациялық қате жіберді. Екінші тапсырма бойынша, Абай Құнанбайұлының өлеңін оқу кезінде бірқатар орфоэпиялық норманы бұзғандықтан, оқылған үзінді мағынасының қабылдануын қиындатты және дауыс ырғағына салып, мәнерлеп оқи алмады», — деді Жолдасбеков.

Сонымен қатар Жұман Қанат Тоқтарұлы қазақ тілінде бірде-бір поэзияның жатқа айтып бере алмаған. Үшінші тапсырмада комиссия белгілеген көпшіліктің алдында 15 минут сөз сөйлеудің орнына кандидат 5 минут сөйледі, өз ойын байланысты, жүйелі және қисынды түрде еркін жеткізе алмаған.

«Әдеби тіл нормаларынан жұрдай және сөздік қоры аз. Нәтижесінде лингвистикалық комиссия үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп бірауыздан шешім қабылдады», — деп атап өтті комиссия төрағасы.

Лингвистикалық комиссияның отырысына Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.

По сообщению сайта Nur.kz

1 Пікір

  1. Тіл білмеген президенттік түгіл, мемлекеттік қызметке тұруға да лайықты емес.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз