Немцовтың өліміне ислам ұшқарларының қатысы бар ма?

0
469

8

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей Федерациясы қауіпсіздік мекемесі бүгін Ресейдің пример министрінің  бұрынғы орынбасары Немцовтың қастандықпен өлтірілуіне қатысты екі қылмыс күмәндісінің тұтқындалғанын жарялаған.
Ресей Федерациясы қауіпсіздік мекемесінің бастығы Ботниковтың айтуынша, тұтқындалған екі қылмыс күмәндісі Анзор Кубашев пен Зауыр Дадайев  Ресейдің терстік Кавказ ауданының адамы делінген.
Ресейдің терістік Кавказ ауданының  жағдайы ұзақ уақыттан бері былыққан күйде болып, тұрғындары мұсылмандарды негіз етеді. Жақынғы мезгілдегі Украинадағы соғыс былықпалығында, кейбір шешен мұсылмандары Украинаға барып, Украина үкімет армиясына жәрдемдесіп, соғысқа қатынасқан.
Ресей үкмет тарабы бұл іске қатысты көптеген қабар-ошарларды әшкерлемегенімен , бірақта тексеруші қызметкерлер  ислам ұшқары элементтерінің  бұл істегі мүмкіндігін жоққа шығармайтындығын айтқан.
Немцовтың қастандыққа ұшырау ісін тексеруші қызметкер  Маркиннің айтуынша, тексеруші қызметкерлер қазір  Немцовтың қастандыққа ұшырау ісіне ислам ұшқарларының қатысы бар ма, жоқ па дегенді тексеруде. Кейбір дәлелдердің айғақтауынша, осыдан ертеректе Париждегі «Чарли апталық журналы» шабуылға ұшыраған кезде, Немцов өзінің көзқарасын дәріптегендіктен, ислам ұшқарыларының құқай көрсетуіне ұшыраған.

www.senkazakh.com
http://whllt.taizhou.gov.cn/thread-851274-1-1.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз