
Саяхат тақырыбына арналған Travel.ru порталы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге қолайлы қалалардың рейтингісін жасады.
Биыл бұл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, 7наурыздан бастап, 9 наурызға дейін үш демалыс күні жарияланған. Travel.ru 2014 жылы туристердің назарына іліккен саяхаттауға қолайлы және қаладағы бағалар қалта көтерерлік бірнеше шаһарды атады.
Сол тізімде Алматы қаласы 13 орынға тұрақтады. Бұл тізімді жасауда екі адамның 8-9 наурыз аралығында қонақ үй, дәмхана немесе мейрамханадағы түскі ас және жергілікті көрікті жерлерді аралауына жұмсалатын қаржы көлемі есептеліп кірді.
Алматыда жұптардың еркін серуен құруы үшін тәулігіне 57 еуро керек екені есептеліп, саяхатшылар назарына ұсынылды. 8 наурызды атап өтуге ең қолайлы (тәулігіне 34-52 еуро аралығында қаржыған демалуға болатын) алғашқы ондыққа Ереван (Армения) — 34 еуро, Нови-Сад (Сербия) — 41 еуро, Витебск (Белоруссия) — 42 еуро, Битола (Македония) — 43 еуро, Констанца (Румыния) — 46 еуро, Тарту (Эстония) — 47 еуро, Гданьск (Польша) — 48 еуро, Кутаиси (Грузия) — 50 еуро, Пльзень (Чехия) — 51 еуро және 52 еуроға серуендеуге болатын Каунас (Литва) қаласы бар.
Ең қымбат қалалардың үштігіне Гамбург (Германия) — тәулігіне 73 еуро, финляндиялық Турку — 91 еуро және бельгиялық Антверпен (94 еуро) қаласы енген.
По сообщению сайта Nur.kz