Жамбыл облысының әкімі 104 жастағы кейуананы арнайы барып құттықтады

0
36
Жамбыл облысының әкімі 104 жастағы кейуананы арнайы барып құттықтады
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласының 104 жастағы тұрғыны, қарт ана Жібек Тұрғынтаеваны 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.Бұл туралы ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлады.

Қарт ана Кеңес Одағы кезінде қызылша өсіруші болып жұмыс істеген. Он баланың анасы. Қазіргі таңда кенже ұлы Тоқтағұл мен келіні Толқынайдың қолында тұрды.

Өңір басшысы Жібек апаға гүл тарту етіп, құнды сыйлығын өз қолымен тапсырды.

Әкім құттықтауымен бірге жылы лебіздерін де жеткізді.

Дәл осы күні облыстың басқа да қарт аналары сыйлықтар алып, құттықталды. Олар: 105 жастағы Памбух Гулиева, 100 жастағы Бота Тастанбекова, сондай-ақ Аймахан Рысмаханбетова және басқалары.

Еліміздің басқа өңірлерінде де 100 жасаған аналарға құттықтаулар жеткізілді.

Мәселен, Қызылордада бір ғасыр өмір сүрген аяулы аналарға құрмет көрсетілді. Арал қаласында тұратын 105 жастағы Кұлмараш Ибайдуллаева әже мен Қосаман елді мекеніндегі 100 жасқа толғалы отырған Несен Тлешова әженің үйіне бүгін аудан басшылығы арнайы барып, 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ұлы отан соғысы жылдары жолдастары Отан қорғауға аттанып, өздері тылда тер төккен Батыр аналардың еңбегі ерен. Ер адамның орнына трактор айдап, жер жыртып, отын тасып халыққа қызмет көрсеткен аналар соғысты да, ашаршылықты да көрді.

Ендігі тілектері — елдің тыныштығы, ұлттың амандығы. Ғасыр жасаған аяулы аналармен аудан басшылығы емен-жарқын сөйлесіп, сый-сияпат жасады. Өздеріне көрсеткен сый-құрметке аналар да ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз