Мамандар бұрымды қыздардың жолы болғыш келетінін айтты

0
686

Бұрымды қыздардың жолы болғыш келеді әрі үнемі ер азаматтардың ықыласына бөленіп жүреді. Мұндай пікірді ақтөбелік сән салонының директоры Айгүл Бекмағанбетова айтты.

Мамандар бұрымды қыздардың жолы болғыш келетінін айтты
«Бұрымды кез келген қыз-келіншек өсіре бермейді. Оны күтіп, сәндеудің өзіне қомақты қаржы кетеді. Қысқа шаш үлгісіне ақшасын үнемдегісі келетіндер бейім келеді. Енді қысқа шаштылардың барлығын қаржыдан тарыққандар деп айта алмаймыз. Бизнеспен айналысатын ханымдардың көбісі қысқа шаш үлгісін ұстанады. Әйтсе де олар ақшасын ысырап етпеудің және уақытын үнемдеудің амалын қарастырады», -дейді Бекмағанбетова.

Өңірдегі танымал маманның сөзіне қарағанда бұрымды қыздардың жолы болғыш келеді екен. Олар ақшаны өздері тапқаннан гөрі, ер азаматтарына арқа сүйейді.

Ұзын шашты сұлулардың арасында жалғызбастыларын кездестірмейсің. Әрі бұрымды сұлу әрқашан ер азаматтардың ықыласына бөленеді

«Салонға келетін сұлулардың жағдайын  сырт көзбен сынап, сөз арасында жағдайын да біліп отырамыз ғой. Қысқа шашты әйелдер өз еңбектерімен ақша табатынын бірден аңғарамыз. Көбінесе олар жұмысбасты, жалғызбасты болып келеді. Ал ұзын шашты сұлулардың арасында жалғызбастыларын кездестірмейсің. Әрі бұрымды сұлу әрқашан ер азаматтардың ықыласына бөленеді», – дейді стилист.

Маманның айтуынша, бұрым – сондай-ақ қыз-келіншектер үшін ақшадан тарыққанда капитал бола алады. Себебі қазір Ақтөбенің өзінде боялмаған бір метр шашты ең арзан дегенде салондар 15 мың теңгеге сатып алады екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз