Борис Немцовтың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы екі адам ұсталды

0
437

Ингушетия Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Альберт Барахаев Борис Немцовтың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы екі адам ұсталғаны туралы мәлімдеді.

Борис Немцовтың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы екі адам ұсталды

Бұрын бұл күдікпен Анзор Губашев пен Заур Дадаев қолға түскені туралы хабарланған.

«Шешенстан ІІМ «Север» батальоны полкы командирінің орынбасары Заур Дадаев және онымен бірге бір көлікте болған тағы бір ер адам ұсталды. Сонымен қатар, Мәскеудегі жеке күзет кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген Анзор Губашев пен оның інісі қамауға алынды», – деді Альберт Барахаев.

Ұсталғандардың барлығы шешен ұлтының өкілдері. Олардың жанұялары 60-шы жылдары Малгобек ауданына (ол кезде Шешен-Ингуш АКСР) көшкен.

Соңғы 10 жылда олар тіркелген жерде тұрмаған, деп хабарлады РИА Новости.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз