Жемқорлық мемлекет жұмысының тиімділігін төмендетеді

0
71

Таяуда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес төрағасы Бақтияр Камалов пен Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқарманың ЖОО-мен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Меруерт Тілеубековалар студенттермен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқыланды.

Басқосу барысында Бақтияр Камалов еліміздегі, сонымен қатар Қытай, Жапониядағы сыбайлас жемқорлықтың шығу себептерін және оларға қарсы күрес жолдары жайында кеңінен әңгімелеп берді. Оның айтуынша, отанын шын сүйген адам ғана сыбайлас жемқорлыққа бармайды. Өйткені, жемқорлық – отанға опасыздық жасағанмен бірдей.
– Жастардың бойына отанға деген махаббат сезімін ұялату, сонымен қатар өз ортасын құрмет тұтуға, табиғатты аялауға, білімділікке, адалдыққа баулау –  жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырады. Бұл жерде әрбір ата-ана, әрбір оқытушы жастарға бірінші кезекте өзі үлгі болуы тиіс. Яғни, әркім бірінші өзінен бастағаны жөн, – деді ол.

Еліміз Тәуелсіздік алған күннен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміз саясатының басымды бағытына айналғаны белгілі. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқылар қатарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және  «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарды қабылдап, коррупциямен күресетін арнайы мемлекеттік орган құрып, жемқорлыққа қарсы заңнаманың жетілдірді. Бұдан кейін Бақтияр Камалов Елбасының Жарлығымен өткен жыл соңында қабылданған «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия», оның негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттары, оны тудыратын себептермен күресуге арналған кешенді шаралар туралы жиналған қауымға әңгімелеп берді.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіріп, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендететіні белгілі.

«Қазақ­стан – 2050» Стратегиясының маңызды міндеттерін іске асыру барысында және Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына кіру мақсатында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімділігін арттыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіріп, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендететіні белгілі.

Жастар саясаты жөніндегі Басқарманың ЖОО-мен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Меруерт Тілеубекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету тек мемлекеттің ғана емес, қоғаммен әр азамат жауапкершілігінде екендігін, мемлекет пен қоғамның  біртұтастығы мен жемқорлыққа қарсы тұра алатындығымызды айтты. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан студенттерге, жас мамандарға жасалынып жатқан жағдайларға тоқталып, Елбасы Н. Назарбаевтың жастарға үлкен сенім артып отырғандығын жеткізді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны анық. Сол үшін қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.Өз кезегінде ҚазҰТУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Г.А.Сәрсенбекова:

– Әр қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлықпен күреске – жалпы қоғамның, әр азаматтың азаматтық борышы деп білу керек. Ата-ана балаларына Отанға деген сүйіспеншілікті, орта мен дәстүрге деген сыйластықты, білім мен әділеттілікке ұмтылуды ерте бастан дарыту қажет. Тәрбие мен білім беру үрдісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетінің құрылу негізі болып табылады. Бұл жерде ең басты тәртіп отбасы мен білім беру саласынан басталады. Сондықтанәр ата-ана, әр оқытушы балаларға үлгі болып, нақты құндылықты дұрыс таңдауға бағдар көрсету тиіс, – деді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күресте жастармен жұмыс жасау маңызды рөл атқарады. Сол себепті қазіргі кезде жастар ұйымының сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресті насихаттаудағыалатын орны ерекше, ал 2016жылдан бастап «Құқық негіздері» оқу пәні енгізілетін болады. Жиын соңында қатысушылар Агенттіктің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мамандарына оқытушылар мен студенттер сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Римма АБДЫҚАДЫРҚЫЗЫ, ҚазҰТУ Ақпараттық-сараптау орталығының бас маманы.

http://www.dalanews.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз