БҚО-да шекарадан өту үшін он сағатқа дейін күтуге тура келеді

0
23
БҚО-да шекарадан өту үшін он сағатқа дейін күтуге тура келеді
Соңғы кезде Ресеймен екі арадағы шекара бекеттерінің жұмысына шағым көбейіп кетті. Ресей тарапынан кезек болмаса, ал Қазақстан жағынан адамдардың шекарадан өту үшін он сағатқа дейін күтуіне тура келеді.Өңір шекарашыларымен кездескен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мұны жедел қолға алмаса болмайтынын жеткізді.Облыста 2029-әскери бөлім қызмет етсе, оған жеті шекара бекеті кіреді. Аталмыш бөлім командирі Бауыржан Рысбековтің мәлімдегеніндей, қазан айынан бері Ресей бағытына сапарлаушылар көбейді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, 40 пайызға ұлғайды. Ресей тарапынан қозғалыс алты жолақты, сондықтан олардың өткізу қабілеті жоғары. Бірақ командирдің бұл ақталуына басқа мысалдар келтірілді. Кейбір жерлерде Қазақстан жағының инфрақұрылымы жақсы болғанымен, бәрібір онда да кезек аз емес.

Шекарадан өтудің қиындығын облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов баяндап берді. Оның сөзіне қарағанда, 28 ақпан күні Ресейге барғанда, кезек болмаған. Қайтарда, 1 наурыз күні ресейлік шекараны 15 минутта өткен. Ал қазақстандық «Сырым» шекара бекетінде қырықтай машина кезекте тұрған. Адамдардың бес сағаттан астам уақыт бойы кезекте тұрғанын көзімен көрген. Олар кезектің сылбыр жылжитынына шағым білдірген.

«Шекара елдің айнасы іспеттес. Сондықтан сылтауды қойып, жеке құрамның жұмысын жолға қою керек. Тікелей шекара бекетіне барып, сондағы жұмысты ұйымдастыру қажет. Таяуда бізге инвестор Самара арқылы келіп кетті. Сонда Самараға дейін ұшақпен ұшып, бері қарай кідірмей жеткен ол шекарада жеті сағат тұрған. Кезекте сағаттап тұру масқара ғой», — деді Ноғаев.

Таяуда бізге инвестор Самара арқылы келіп кетті. Сонда Самараға дейін ұшақпен ұшып, бері қарай кідірмей жеткен ол шекарада жеті сағат тұрған

Кеңесте шекара бекеті бастығының қалада тұратыны белгілі болды. Осыған орай өңір басшысы бекет бастығына мекенжайды Самара облысы шекарасындағы «Сырым» шекара бекетінен үш шақырым қашықтықтағы Зеленов ауданы Погодаев ауылынан қарастыруды тапсырды. Басшы өзі жұмыс жасайтын жердің қасында тұруы тиіс. Ең бастысы, шекара жұмысын оңтайлы ұйымдастыра білу керек. Жеке адамдар ғана емес, коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысушылар да уақыттан ұтылмауы қажет. Бәрі де заң аясында, жүйелі болуы тиіс.

Облыс әкімі сондай-ақ өзінің орынбасарларына шекара бекеттеріне жеке көліктермен барып, жағдайды бақылауды, сондай-ақ мәселені тезірек шешу үшін нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Айта кетейік, БҚО аумағыда 1 әуе, 2 теміржол, 6 автомобиль, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумақтары тұрғындарының өтуі үшін жеңілдетілген 16 бекет жұмыс жасайды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз