
Америкалық Андерхилл (Вермонт штаты) қаласының тұрғындары сайлауда жергілікті әкімшілікке бұл өмірден өтіп кеткен адамды сайлады.55 жастағы Кевин Таррант сайлау қарсаңында өз үйінде жүрегі қысылып, көз жұмған. Штаттың кез келген сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ талқылауға тыйым салатын заңдарына орай, сайлаушыларға бұл туралы айтылмаған.Сайлаушылардың дауыстарын есептегенде Тарранттың 371 дауыс жинап, үш жылдық мерзімге сайланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жергілікті билік осы түйткілден шығу жолын қарастырып жатыр.
По сообщению сайта Nur.kz