Айырмашылығы жер мен көктей егіз қыздар

0
499
 Таныс болыңыздар, бұлар – Люси мен Мария Эйлмер. Олар – егіз. Бұл ерекше қыздар 1997 жылдың қаңтар айында дүниеге келген. Аналары Донна – ямайкалық, ал әкелері – ақ нәсілді, деп жазады ofigenno.cс сайты.
«Біз дүние есігін ашқанда, анамыздың таңданысында шек болмаған. Себебі теріміздің түсі сияқты баланың ерекшеліктері жүктілік кезінде УДЗ арқылы белгілі бола алмайды ғой, – дейді Люси. – Анамыз тіпті екеуіміздің екі түрлі болып жарық дүниеге келетінімізді үш ұйықтаса да түсінде көрмеген шығар. Біз туылған сәтте медбике анамыздың қолына бізді ұстатқанда, тілінен айырылып қала жаздапты».
«Ешкім де біздің егіз екенімізге сенбейді. Себебі мен – қарамын, ал Люси – ақ, – дейді Мария. – Бірдей киінгеннің өзінде де егіз түгілі, апалы-сіңлілерге де ұқсатпайды. Басқа адамдармен танысқан кезде олар бізден дәлел ретінде жеке куәліктерімізді сұрайды». Қыздардың шыққан жанұясы кішкентай емес, олардың екі ағасы мен әпкесі бар.
Көбі қыздардың ата-анасының бір болғанына мүлдем сенбейбі екен. Апалы-сіңлілер кішкентай болғанда айналадағы адамдар оларды осы «ертегіні» өздері құрып алған жақын құрбылар деп ойлаған көрінеді.
Қазір апалы-сіңлілер екі түрлі колледжде оқиды. Мария Челтнемде құқықтану мамандығына оқып жүрсе, Люси Глостерде бейнелеу өнерінің қыр-сырын танып-білуде. Алайда осыған қарамастан, олар – бір-біріне ұқсамайтын мүлдем екі түрлі жандар. Қыздардың өздері арамыздағы байланыс күшті дейді. Дайындаған: Жақтай Ә.Источник: http://24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз