Ғайып болған Boeing-777 туралы баяндама жарияланды

0
89

Малайзия билігі осыдан тура бір жыл бұрын жоғалып кеткен ұшақты іздестіру жөніндегі баяндаманы жария етті.

Ғайып болған Boeing-777 туралы баяндама жарияланды
Онда әлі күнге дейін Куала-Лумпурдан Пекинге қарай бет алған Boeing-777 әуе кемесінің ізіне түсетін ешқандай дәлел табылған жоқ делінген.

Өйткені мамандар тек лайнердің әуеге көтерілер алдындағы техникалық қасиеттері мен ұшаққа көрсетілген қызметтер туралы және экипаж құрамы жайында мәліметтерді жинаған.

Сарапшылар ұшаққа қатысты бір ғана шикілік тауыпты. Сондағысы ұшақ суға кеткен жағдайда оны іздеп-табуға арналған акустикалық шамшырақ батареясының мерзімі өтіп кеткен.

Қуаттауыш құралдың мерзімі қайғылы оқиғадан бір жыл бұрын аяқталған екен. Сол себепті лайнерді іздестіру операциясы әлі де жалғасып жатыр.

Қазір мамандар Австралияның батысындағы 1500 шақырым жерге дейінгі аймақты жіті бақылауына алған.

Естеріңізде болса, былтыр наурыздың 8-іне қараған түні ғайып болған Куала-Лумпурдан ұшып шыққан әуе кемесінің бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған еді.

Источник: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз