«Ислам мемлекеті» Ирактың мәдени мұраларын жермен-жексен етуде

0
48
«Ислам мемлекеті» Ирактың мәдени мұраларын жермен-жексен етуде «Ислам мемлекеті» атауын жамылған қозғалыстың содырлары Ирактың мәдени мұраларын жоюын тоқтатар емес. Лаңкестер елдің солтүстік өңіріндегі ежелгі қала Дур-Шаррукинді жермен-жексен етті. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Хатра шаһарын бульдозермен қиратқан жиһадшылар қаланың тас-талқанын шығарды. Экстремистер жойып жіберген ескерткіштер мен асыл бұйымдардың дені – 3000 жыл бұрынғы құнды заттар. Ирактың туризм министрі Әдел Фахд Ширшабаның айтуынша, содырлар бағалы ескеркіштердің көбін сатып, қанжығаларын майлайды. Ал тонаған жерлердегі ізін жою үшін қалғанын бұзып-қиратады.

Источник: www.24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз