«Астана Арландары» қатарынан сегiзiншi жеңiсiне қол жеткiздi

0
402

«Астана Арландары» Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) кезектi матчында «Касикес Венесуэла» командасын тiзе бүктiрдi.

Венесуэлада өткен кездесуде қазақстандық боксшылар 3:2 есебiмен жеңiске жеттi. Соңғы маңызды ұпайды 91 келiден жоғары салмақта Филипп Хргович алып бердi.

Екiншi раундта ол Эдгар Муньосты сұлатты.

Осылайша, «Астана Арландары» қатарынан сегiзiншi рет жеңiске жетiп отыр.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз