ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР “БАСҚА ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ” Уәлихан ҚАЙСАРОВ не дейді?!.

15
64

“Қазақстан президенттігіне үміткер Уәлихан Қайсаров өзі жазған өтініші бойынша  басқа мемлекеттің азаматы болып шықты” -деген сенсациялық хабар интернетті шарлап кетті.

 Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.

 “Үміткерлердің өз қолдарымен жазған мәліметтерін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған Уәлихан Қайсаров президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен”, – деді ОСК мүшесі.

Ләззат Сүлейменнің атап өтуінше, осыған орай Орталық сайлау комиссиясы еліміздің Ішкі істер министрлігіне аталған деректерді тексеру үшін сұрау салған.

“Сонымен қатар осы үміткер мемлекеттік тілде толтырылған өмірбаяндық деректерінде де бірнеше қате жіберген”, – деді ол.

Ал бұл Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесі туралы Қазақстан президенттігіне кандидат Уәлихан Қайсаров не дейді?

«Как не гражданин? Это на провокацию похоже. Можете уточнить: при написании заявления они снимают ксерокопию документов, если бы я не был гражданином Казахстана, я бы не смог предъявить удостоверение. Они потребовали мое удостоверение личности, проверяли форму, когда я подавал заявление. И потом – вчера вечером мне сообщили, что сегодня (в понедельник – V) в 3 часа дня у меня экзамен, что-то это странное», – деп телефонмен жауап берген  ол бүгін Vласт сайтының сауалына.

Шындығында да, ОСК мүшесі Л. Сүлейменнің сөзін   Уәлихан Қайсаровтың өз қолымен жазған өтініші (суретте) растайды. Онда “Басқа мемлекеттің азаматтығында тұрамын” -деп өз қолымен жазылған…

Мүмкін, бұл техникалық қателік те шығар, бірақ  бұл “тегін олжа” ОСК-ға “іздегенің алдыңнан, сұрамай-ақ табылған”-деп, біз  жаттап өскен Ыбырай атамыздың өлеңіндей болып тұр.  Оның үстіне, оппозиция үміт етіп отырған  У.Қайсаровқа осындай мемлекет басшысы болу деген еліміздегі ең маңызды сайысқа жеңіл-желпі, жауапсыз қарауға бола ма?.. ОСК-ның көктен іздегенін жерден тауып беріп отыр…

Сонымен сайлаудың көптен күткен қызығы мен шыжығы  басталып кетті десек те болады…

Бұл оқиға туралы qazaquni.kz хабарлап отырады.

Сапар ӘЛІ

qazaquni.kz

15 ПІКІРЛЕР

  1. Азаматтығының жоқтығымен қоса, жалақорлығы да бар ма дедім… Суретте өз қолы түр, телефондағы жауап бірбасқа. Көре бересің деген…

  2. Армандауға болмай ма дегендей ғой. Қолдан келетін нәрсені армандау керек деп ойлаймын. Арманнан алыстап кеттіңіз расында, Уәке!

  3. Президент болу мүмкін арманы болар, әйтпесе, сан мәрте сүрінседе Президенттікке үміткер бола бермес еді.

  4. Бұны естіген халық мазақтай күлетін болар. Мына түрімен қалай дауыс жинап, қалай қолдауға ие боламын деп ойлайды.

  5. Президенттікке үміткер болу мен Президент болып ел басқарудың өзі мүлдем бөлек екенін білмейтін болса керек.

  6. 2011 жылы Президенттікке өз кандидатурасын ұсынған еді, егер шынымен Президент болғысы келсе, осы күнге дейін құлшынып, қазақ тілін жақсы меңгеріп алуына болатын еді.

  7. Ол тіпті қазақ тілін дұрыс білмейтінін намыс санамайтын шығар, қазақстан азаматы емес адам үшін, қазақ тілі тіпті маңызды емес деп ойлайтын болар.

  8. Қайсаров қазақ тілін білмейді деп мүлдем теріске шығаруға болмас, ол сауаттылғы жағынан кемшіліктері бар болу мүмкін. Ал Президент заңдармен, қағаз жүзді құжаттармен жұмыс істейді, сондықтан жақ-жақты сауатты болғаны дұрыс.

  9. Басқа елдің азаматы бола тұра тағы біздің елде сайлауға түсіп, дауыс жинағысы келеді, шыныменде тұсінбейсің.

  10. Қайсаровқа қазақ тілінде қатесіз шығарма жаздыру мүмкін болмай тұрған жайы бар.

  11. Құдай -ау, шығарма түгілі өтініштің өзін өкіртіп қатемен жазған Қайсаровқа қандай үміт артамыз?

  12. Сонда өтініштегі жазудың мағынасын түсінбегені ма? Шет елдің азаматымын дегені есі?

  13. Ел болған соң мұндай азаматтардың арамызда болатыны анық. Сондықтан түсіністікпен қарайық.

  14. Алла өзі кешірсін. Бірақ мен бұл кісінің мектептегі сауатына күмәнім бар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз