Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасын жариялады.
Онда 11 наурызда Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVI съезі өтетіндігі хабарланған.
Сондай-ақ, 13 наурызда елордада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарланған.
Мемлекет басшылары үш елдің өзара саудасы мен экономикалық ықпалдастығын ұлғайту мәселелерін қарастырады.
Сонымен қатар президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын және Украинадағы ахуалды талқылайды.