Қандай отбасын құрғың келеді?

0
56

Анна ДЕМИДОВА, Ресей

Күнделікті бір ой мазалайды да тұрады. Неге сыйласқан кезде ата-әжелерімізді біз сияқты іштей жүз сұрақ мазаламады екен? Менің тоқсанға тақаған әжем менің ішкі толқуымды мүлде түсінбейді. Оның өмірі бір қалыптан еш ауытқымаған: бала жүгіріп жүр, малы тоқ, тамағы дайын, жұмысқа уақтылы түссе болғаны. Әрине, қазір біздер су үшін екі шақырым жердегі құдыққа бармаймыз. Бірақ неге әжелер баланың ішкі жан дүниесіне мән бермей өсірген? Мені мазалайтын сұрақтар неге оны мазаламады? Олар соғыс алды, соғыс кезі, соғыстан кейінгі аштық кезінде өмір сүрді. Бірақ әжем үшін өмір сондай түсінікті. Ол өз ауылында 35 жыл балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Оған бала туралының бәрі әрі қарапайым, әрі түсінікті. Неге оған түсінікті нәрселер маған сондай түсініксіз? Маған? Қызыл дипломмен жоғары оқу орнын тәмамдаған білікті маманға, бүтін, толыққанды отбасыда, жайлы өмір сүрген адамға неге бәрі түсініксіз?

Біздің ата-аналарымыз өз міндетін жеткілікті деңгейде орындай алмағандай көрінеді. Неге олар бізді махаббатқа қандырып, толыққанды тұлға ретінде, өмірді сүйетіндей етіп тәрбиелемеді екен? Біз оларға ренжиміз, өкпелейміз. Содан кейін ғана неге бір буынның ата-аналық міндеті аяқ асты қалды екен деп ойланамыз. Не себеп?

Тағы бір түйткіл: неге жұбайымызбен түсінісу ылғи да күрделі? Әрбір адам өзіне жақсы. Көпшілік тойды екі жастың сүйіспеншілігі үшін жасайды. Неге осындай қалыпты отбасылар аз күнде бір-бірін көрместей таптап, жер қылып, жүрекке салмақ салып, сүйектен өтер сөздерге жол береді? Біздің ата-әжелеріміздің арасында ажырасқандар некен-саяқ. Олар бір-бірін жақсы көрмесе де бірге тұра беретін.

Тағы бір түйткіл: неге жұбайымызбен түсінісу ылғи да күрделі? Әрбір адам өзіне жақсы. Көпшілік тойды екі жастың сүйіспеншілігі үшін жасайды. Неге осындай қалыпты отбасылар аз күнде бір-бірін көрместей таптап, жер қылып, жүрекке салмақ салып, сүйектен өтер сөздерге жол береді? Біздің ата-әжелеріміздің арасында ажырасқандар некен-саяқ. Олар бір-бірін жақсы көрмесе де бірге тұра беретін. Олардың арасында бізге беймәлім араласу мәйегі болды, үзілмейтін жіп бар еді. Біз эмоцияға берілгішпіз, тыйым салынған нәрселерге бойымыз бейім, соны түсінуден уайымға салынамыз. Тіпті сүйікті күйеуі не әйелі бола тұрсақ та. Олар сүймегендерімен қалай бірге тұрған? Мәселе, тек заман басқа дегенде емес. Заман басқа болғанмен, адамдар тірі болды. Сіңірі шыққан кедей болып жер үйде күнелтіп жүрсең де, жаңа киім киіп, жиі жуынып тұрғың келеді ғой.
Осының бәрін елеп, ескеріп, екшеп отырып түсінгенім, біздің буын жол бастаушы екен. Баяғының заңы қарапайым еді. Әке – отбасы тірегі, асыраушы. Ана – екінші сатыда, үй тіршілігі мен тауқыметін тартушы, балаға жауапты, әрі жұмыс істеп, отбасының бірлігін нығайтушы, ол ешқашан күйеуіне ренжімейді, өзінің екінші екенін терең түйсінетін, өкпесін айтуға қақысы да болмаған. Отбасы мүшелері өз орнын нақты білетін, сонысымен үндемей келісетін. Әке, ана, үлкен ұл, кіші қыз… қорадағы ірі-қара, жылқы, қой, ит, мысық, тышқанға дейін. Бәрі нақты. Бұл рөлдер жүз атадан бері қайталанып келе жатқан дәстүр. Еркектің дөрекілігі – азаматтық мінездің сипаттамасы еді. Әйелдің бағынуы – күйеу мен әйел қарым-қатынасының жалғыз түрі. Әкеден қорқу бала үшін шартты болды. Әкелік билікке бағыну ол кездің баласы үшін қалыпты жағдай еді. Қыз бала кішкентай күнінен жақсы әйел қандай болу керектігін білген. Ұл бала нағыз азаматтың міндетін ұғынған. Олар оны ата, әже, әке, анасының әр қимылынан бағып өскен. Ертең мен қандай боламын, сыңарым қандай болады деген сұраққа бас ауыртпаған.

Әйел бағынып, тек күйеуінің күңі болып қана өмір сүргісі келмейді. Еркек те күтуші әйелге мұқтаж емес. Оған өзі ойлай білетін, қызықтыра білетін әйел дос керек. Дегенмен, еркек те, әйел де мұндай қалыптағы әйелді көрмеген. Еркек сыйлап, жол беруді білмейді. Ескінің сарқыншағы болған қатыгездікке ара-тұра бой алдырады. Бұл әйелінің көңіліне келеді.

Уақыт өтті. Отбасы жүйесіндегі авторитарлы жүйе өзгеріске ұшырай бастады. Әйелдер өз құқының тапталуына қарсылық көрсетті. Бастапқыда тым сыңаржақ, құлаққа түрпідей тиетін. Кейін ол тенденцияға айналды. Бүгінгі таңда бұл күрес әйел санасын бүтіндей өзгертті. Отбасылық жүйенің ескі қалыбын әйел бұзды. Мұны әйел де, еркек те түсінеді. Әйел бағынып, тек күйеуінің күңі болып қана өмір сүргісі келмейді. Еркек те күтуші әйелге мұқтаж емес. Оған өзі ойлай білетін, қызықтыра білетін әйел дос керек. Дегенмен, еркек те, әйел де мұндай қалыптағы әйелді көрмеген. Еркек сыйлап, жол беруді білмейді. Ескінің сарқыншағы болған қатыгездікке ара-тұра бой алдырады. Бұл әйелінің көңіліне келеді. Әйел бағынып өмір сүргісі келмейді. Ол сұраған еркіндікті ері бергісі келгенмен, оның тәкаппарлығы оған дайын емес. Әйел өз пікірін білдіруге ниеттенгенмен, ол әдетте тым тұрпайы әрі ер адамның намысына тиерлік тұрғыда ғана болып жүр. Өйткені, бізге ешкім өз сезіміміз туралы еркін, ашық айтуды үйретпеген. Біз оны эмоцияға беріліп айтамыз. Төзім таусылған кезде жарыламыз.
Айта кететін жәйт: біз қалай сөйлесу керектігін білмейміз, қалай келісу керектігін де меңгермегенбіз. Біз тек бағыну қалыбын білеміз. Мәмілеге келу туралы естігенмен, ол екі жақтың да көңілінен шықпайды. Ымыраласуға келіскен күнде де, ол бізді бақытсыз ететін қадам. Одан екі жақта қиналып, бақытсыз болады.
Баяғының адамдары отбасының иесі кім деген сұраққа жауапты анық білсе, қазіргі заманғылар біле бермейді. Ең бастысы, біз қандай отбасы құрғымыз келетінін білмейміз. Өйткені, қиялымыздағы отбасыны ешқашан көрмегенбіз. Біз бұрын болмаған нәрсенің құрылысын бастап жатырмыз. Біз жол бастаушымыз! Ішімізден адам негізін қалайтын сезімнің барлығын қайта сараптап шығамыз. Ата-әжелеріміз мұндай сұрақтарға басын ауыртпаған. Олар жауапты онсыз да білген. Біз тақтайдай өмірден бос кеңістікке өтіп бара жатып, не істеу керектігін біле алмай, дал боламыз.
Бізге бәрі де қорқынышты. Бізге ата-ананың ақылы мен көргені көмектеспейді. Әр сұраққа жауабы дайын жанның қасымызда жоқтығы батады. Өзіміз үшін күнде бір жаңалық ашып, оны өздігімізше қалыпқа салып, ол қалыпты сол замат өзіміздің және жұбайымыздың менмендік жартасына шағып аламыз.
Әзірге отбасыда басшы жоқтығын да мойындағымыз келмейді. Бүгін отбасылар билікке құрылмаған. Бүгінгі отбасы өзара серіктестікке құрылып жатыр. Шектен шығып барамыз ба? Әйел көбіне қызықты жұмысқа тұрмайды. Ол карьера жасау салдарынан бала туып, оны бағатын уақыт таппайтын жұмыспен өмірін өткізеді. Еркек табиғи қуатын қайда жіберерін білмей, күйзеліске бой алдырады. Ішіп кетеді, сынады. Біреу иллюзиямен өмір сүреді. Отбасын құрмай, есірткіні жолдас етіп, ішімдікпен сырласып кетеді. Біреу компьютермен ауырады, интернет ауылдарын адалайды. Адасады сонда кәдімгідей. Мұны ауру деп айтуға келмес. Тек туыстары түсінеді оның зардабын. Біреу кәп-кәдімгідей үйлі-баранды секілді. Бірақ жан дүниесінде тыныштық жоқ. Баланы жеткізу, осы жолдағы түрлі қиындық біздің дұрыс өмір туралы басы бүтін сауатсыз екенімізді көрсетіп жатыр.
Не істемек керек?

Ештеңеден қорықпаған абзал. Жаңаның іргетасын қалауға, мойынға жауапкершілік артуға. Терең түйсініп, ерікті түрде сол жаңаны өз өміріңізге алақаныңызға салып әкеліңіз. Өз өміріңізге шын ниетпен, үлкен адамгершілікпен қараңыз. Жұбайыңыздың қолдауына ие болсаңыз артық етпес.

Біріншіден, ештеңеден қорықпаған абзал. Жаңаның іргетасын қалауға, мойынға жауапкершілік артуға. Терең түйсініп, ерікті түрде сол жаңаны өз өміріңізге алақаныңызға салып әкеліңіз. Өз өміріңізге шын ниетпен, үлкен адамгершілікпен қараңыз. Жұбайыңыздың қолдауына ие болсаңыз артық етпес. Бір-бірлеріңізбен шынайы сөйлесіп дағдылансаңыздар сауап болар еді. Бір-бірлеріңізді тыңдап, көңіл бөліп, үрейсіз сүйіп, риясыз қамқорлық танытуды үйреніңіздер. Қамқорлық пен махаббат авторитарлы отбасыда орынсыз еркелік болып саналған. Өйткені, олардың тәрбиесі тек бишік пен тәттіден тұрған.
Бишікті қолдан шығарса, онда махаббатпен көп нәрсені жеңуге болатыны рас. Жаураған жүректі жылытып, жан жараны жазып алар ек. Ол ердің, әйелдің, мейлі тіпті баланың да жан-жүрегі болса да.
Өз өміріңе деген жауапкершіліктің ең басты қадамы өзіңе жауап беру болса керек. Айтқан сөзіңе, жасаған ісіңе. Өзіңмен танысып үйренсең, нұр үстіне нұр. Өзіңнің сыртқы және ішкі тілектеріңе сай өмір сүрсең. Өзіңмен-өзің болып өмір сүруге рұқсат етсең. Ел көргендей әдепті болмасаңыз да. Бетпердені шешіп, іште не барын көруге ұмтылсаңыз. Өзіңді өзгертудің алғашқы қадамы осындай болмақ. Жан дүниеңіздің тазалығына көп көңіл бөлу керек.
Еркін болудан қорықпау керек. Отбасыда, жұмыста, мемлекетте. Ойлаудан, іздеуден, табудан, сұраудан қорықпаңыз. Мемлекетте демократияның негізін құйғысы келген адам оны өз отбасынан бастауы керек. Бірақ біздің қолымыздан келмей жатыр. Өйткені, ішімізден өзімізді құл сезінеміз. Оның үстіне қатыгез құлмыз. Қуана сынаймыз. Өзіміз диванда жатып алып, түк бітірмесек те. Сол диван жылы болса, бізге ешкім тимесе екен деп армандап қоямыз. Жаны ауырмайтын жалқаумыз. Шектен шығар пассивпіз. Бізді тек өзіміздің мәселеміз ғана толғандырады. Оларды да шешуге талпынбаймыз. Тек олармен қалай сыйысатынымызды ойластырамыз.
Бірақ өмір қызықты болу үшін не істеу керек деп ізденіс жасай бастасақ, миллион сауал туындайды, оларға миллон жауап табылады. Ендеше, диваннан тұрып, өз өмірімізді реттеуді бастайық. Әйтпесе, балаларымызға тек шағылған шыны мен сынған әйнек қалдыратынымыз хақ.

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ

 

www.dalanews.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз