Ғалымдар көмірқышқыл газдан қуат көзін өндіруді игерді

0
120
Ғалымдар көмірқышқыл газдан қуат көзін өндіруді игерді epochtimes.ru NASA зерттеушілері көмірқышқыл газдан энергия өндіретін құрал жасап шығарды. Бұл ғылыми жоба келешекте Марсқа көшетін адамдарға арналған қуаттың баламалы көздерін алу мақсатында жүргізілді. Бұл туралы epochtimes.ru хабарлайды. Энергияны өндіру үшін Лейденфрост эффектісін қолдану ұсынылды (сұйық температурасы судың қайнау нүктесінен едәуір жоғары тұрған беткі бөлікпен әсерлесіп, сұйықты тез қайнаудан сақтайтын бөлектегіш бу пайда болады). Мамандар жаңа технологиялардың Қызыл ғаламшарға алғашқы қоныстанғандар үшін өте қажет болатындығын алға тартуда. Жоба авторларының бірі, доктор Родриго Ледесма-Агилара «Жер үшін су қаншалықты маңызды болса, Марс үшін көмірқышқыл газы соншалықты керек», – деп санайды. Себебі ол Қызыл ғаламшарға электр станциясын салудың негізі болуы мүмкін.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/53297-alymdar-k-mir-ysh-yl-gazda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз