Елбасының алғашқы резиденциясындағы «Қысқы бақ» көпшілік назарына ұсынылады

0
89

 

 Астана.10 наурыз.BAQ.KZ – Ертең Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде жаңа экспозициялық залдар бойынша таныстырылым туры өтеді. Бұл туралы Музейдіңбаспасөз қызметі хабарлады.

 Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Астана қ. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші резиденциясы» бойынша жаңа экскурсиялық тур ұсынылады. Сәрсенбі және жұма күндері, сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін барлық залдар мен бұрында жабық болып келген «Алауошақ залы», «Қысқы бақ» және демалыс бөлмесі бойынша экскурсиялар өткізіледі.

Мемлекет Басшысының Астанадағы бірінші резиденциясы жас астананың тарихи орталығында орналасқан. Ғимаратты сөзсіз Астананың сәулеттік көркіне жатқызуға болады. Оның көркемдік-сәулеттік безендірілуі бұрынғы интерьері мен стилін сақтап тұр.  Резиденцияның әр залының қолданылу аясына қарай өз атауы бар. Мысалы, жоғары мемлекетаралық деңгейдегі салтанатты қабылдаулар мен ресми кездесулер залдары, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу залы, сондай-ақ шағын құрамдағы келіссөздерді өткізуге арналған Алауошақ залы, Қысқы бақ және демалыс бөлмесі.
Музей бойынша жүргізілетін жаңа экскурсиялық маршрут Президенттің жұмыс кабинетін, үшінші және төртінші қабатта орналасқан барлық ресми рәсімдер залдарымен қоса, көпшілікке енді ашылып отырған үш шағын залды да қамтиды. Сақталған алғашқы көрінісі мен қалпы Резиденцияның ерекше тынысын сезінуге толықтай мүмкіндік беріп, осы қабырғаларда өткен тарихи оқиғалардың мән-мағынасын түсінуге жетелейді.

 АСТАНА. 10 наурыз. BAQ.KZ – Ертең Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде жаңа экспозициялық залдар бойынша таныстырылым туры өтеді. Бұл туралы Музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

 Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Астана қ. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші резиденциясы» бойынша жаңа экскурсиялық тур ұсынылады. Сәрсенбі және жұма күндері, сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін барлық залдар мен бұрында жабық болып келген «Алауошақ залы», «Қысқы бақ» және демалыс бөлмесі бойынша экскурсиялар өткізіледі.

Мемлекет Басшысының Астанадағы бірінші резиденциясы жас астананың тарихи орталығында орналасқан. Ғимаратты сөзсіз Астананың сәулеттік көркіне жатқызуға болады. Оның көркемдік-сәулеттік безендірілуі бұрынғы интерьері мен стилін сақтап тұр.  Резиденцияның әр залының қолданылу аясына қарай өз атауы бар. Мысалы, жоғары мемлекетаралық деңгейдегі салтанатты қабылдаулар мен ресми кездесулер залдары, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу залы, сондай-ақ шағын құрамдағы келіссөздерді өткізуге арналған Алауошақ залы, Қысқы бақ және демалыс бөлмесі.
Музей бойынша жүргізілетін жаңа экскурсиялық маршрут Президенттің жұмыс кабинетін, үшінші және төртінші қабатта орналасқан барлық ресми рәсімдер залдарымен қоса, көпшілікке енді ашылып отырған үш шағын залды да қамтиды. Сақталған алғашқы көрінісі мен қалпы Резиденцияның ерекше тынысын сезінуге толықтай мүмкіндік беріп, осы қабырғаларда өткен тарихи оқиғалардың мән-мағынасын түсінуге жетелейді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз