Алматы облысында жұрт жүргізуші әйелді полицейлерден құтқарды

0
87

8 наурыз қарсаңында полиция қызметкерлерінің әйел адамды көліктен түсіріп, күш қолданғаны туралы видео ғаламторға тарады.

Бейнеролик авторы Жол-патруль қызметкерлерінің әйелді көлік фары қоспағаны үшін тоқтатқандығын хабарлады.

Полиция қызметкерлері оны күшпен көліктен шығарып, өз көліктеріне мінгізбекші болған. Алайда әйелге бір топ куәгерлер көмекке келіп, полицияны тоқтатқан.

Куәгерлер полиция қызметкерлерінің дөрекі әрекеттеріне наразылық білдірген. Жол-патруль қызметкерлері көпгшіліктің реакциясынан үрейленіп, жүргізуші әйелді босатқан.

Жәбірленуші бей-жай қалмаған жұртшылыққа алғысын жаудырды. Ролик авторы әйелдің ішімдік қабылдамағанын айтты. Ал әйел сөзіне сүйенсек, көліктің фарлары қосулы болған.

 

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз