Даниялық сәулетші Алматының көркін өзгертеді

0
38

Алматының келбеті ажарланбақ. Бұл жұмысты қала басшысы Ахметжан Есімов, Дат сәулетшісі Ян Гейлге тапсырды, – деп жазады «Мегаполис» басылымы.

Даниялық сәулетші Алматының көркін өзгертеді
Бірақ жұмыстың қашан басталатыны нақтыланбады. Шаһар әкімі қаладағы көлік кептелісі мәселесін танымал сәулетшінің түбегейлі шешіп беретініне сенім білдіріп отыр.

Ян Гейл Алматыдағы негізгі алаңдар мен саябақтарда болып, көшелерді аралап шыққан. Ол қала тұрғындар үшін жайлы, әрі туристерге тартымды болуы үшін өз ұсыныстарымен бөліскен.

Даниялық сәулетші Алматының көркін өзгертеді
Оның пайымынша, Алматыда келбет түрінде көптің назарына ұсынуға болар көрікті жерлер көп. Оның үстіне көлік жолдары кең. Бұл негізгі мақсатымызға оңтайлы болмақ деді шетелдік сәулетші.

Қала басшысы болса, әрбір метр тиімді болуы тиіс екенін ескертті. Ол құзырлы мекеме басшыларына масштабты жоспар әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, бұл жұмыстар «Алматы —халыққа арналған қала» тұжырымдамасын орындау барысында қолға алынбақ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз