ШҚО-да жігіт қылмысының ізін жасыру үшін құрбанының бетін бояған

0
52

 

Семейде болған қылмыстың жай-жапсары жан түршігерлік. Ер кісі мас күйінде ұрсысқа килігіп, өз қонағын өлтірген. Ал өлімді табиғи етіп көрсету үшін әйелдің бетін тоналды креммен бояған, деп хабарлады NUR.KZ YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да жігіт қылмысының ізін жасыру үшін құрбанының бетін бояған

Жігіт біраз қызып алып, ұйықтамақшы болғанда жас көршісі үйінде түнеуге рұқсат сұрап есік қаққан. Қыз да біраз ішімдік ішкеннен соң ата-анасына мас күйінде көрінгісі келмеген.

Кейін айыпталушының айтуынша, қыз дау шығара бастаған. Жігіт үйінен кетуін сұраса да қыз шықпай қойған-ды.

Кетпей тұрып алғанына ашуланған жігіт, қызға тап беріп, диванға жатқызып, соққыға алған, кейін тұншықтырып өлтірген.

Өлтіріп алған соң ер кісі қыздың денесінен құтылу жолын ойластыра бастаған. Ақылды ештеңе ойлап таппаған ол, қылмысын табиғи өлім секілді көрсетпекші болған. Құрбанның бетіндегі қанды жуып, сөмкесін ақтарған. Тауып алған тоналды креммен қыздың бетіндегі көгерген орындарды бояп жасырған.

Бұл әрекеттері ұзақ уақытқа созылғандықтан, денесін күндізгі уақытта бірақ шығарған. Демалыс күні көшеде адам болмаған. Жігіт қыздың жансыз денесін дуалға жақын орналастырып, үйіне жайбарақат кете берген.

Алайда жігіт мұндай әрекеттерімен қылмыскер полиция қызметкерлері мен сотмедсараптаманы алдай алмады. ШҚО қылмыстық іс бойынша ауданаралық мамандандырылған сотымен жігіт қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Қылмыскерге 9,5 жыл қатаң режимді колония жазасы белгіленді. Шешім заңды күшіне енбеді.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз