«Нұрлы жол» үй үлестіруде несие тарихына үңілмейд

0
437

«Нұрлы жол» үй үлестіруде несие тарихына үңілмейді деп мәлімдеді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев.

«Біз «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында үлестірілетін әлеуметтік тұрғын үйлер кешенінің бірқатарын Наурыз мейрамының қарсаңында бере бастаймыз. Бұл жерде негізгі басымдық азаматтардың әлеуметтік жағдайына қарай беріледі. Мысалы, көп балалы отбасылар немесе кезекте көп жылдардан бері тұрған жандардың мүмкіндігі алдымен қаралады», – дейді ол.

Сондай-ақ ол басында бірнеше несиесі барлар да баспаналы бола алатынын атап өтті.

«Қазіргі кезде бір өзінде бірнеше несиесі бар, алайда, үй алу мүмкіндігі өзге шарт-талаптарға сай келіп тұрған азаматтар қайтеді деген мәселеге келсек, егер олар қаласа баспаналы бола алады. Олардың несие тарихына ешкім үңіліп қарап жатпайды. Тек, біз ұсынып отырған баспаналарды арендалық негізде тұруға немесе сатып алуға төлем қабілеттігін растай алса жеткілікті», – деді Бишімбаев өз мәлімдемесінде.

Қуандық Уалиханұлының айтуынша, осы күндері беріліп жатқан әлеуметтік тұрғын үйлерді белгілі бір кезеңге жалдап тұруға немесе уақыт өте келе өз меншігіне айналдырып алу тәсілі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қолданысқа енгізілген көрінеді.

«Статистика комитетінің ұсынған ресми деректеріне сүйенсек, елімізде өмір сүру қажеттігінің орташа айлық шығыны жүз мың теңгенің шамасында көрсетілген екен. Яғни, азаматтардың айлық табысын жіктегенде олардан үйдің шаршы метрінің жиынтық құнының жиырма пайыздан кем емес мөлшердегі сомасын төлей алу мүмкіндігі ғана талап етіледі. Осылайша, біз бағдарлама аясында үй үлестіруде өтініш иелерінен үй құнының 20-30 пайыздық көлемдегі алдын-ала төлемін де қажет етпейміз», – деді ол.

Источник: BAQ.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз