Жалға берілетін пәтерлер алған Қазақстандықтар тұрғын ауданын өзгерте алады

0
483

Пәтерлерді жалға беру бағдарламасымен пәтерлер алған қазақстандықтар тұрғын ауданын өзгерте алады, деп хабарлады «Байтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Жалға берілетін пәтерлер алған қазақстандықтар тұрғын ауданын өзгерте алады

«Егер уақыт өте жағдай нашарласа, онда кейін сатып алатын жалға пәтер алып отырған санаттан, жәй пәтерді жалға алып отырған адамдар қатарына қосылуына құқығы бар. Яғни оның бағасы едәуір төмен, демек, азамат пәтерді сатып алудан бас тартып және тек жалға пәтер алушылар санатына өте алады. Яғни ол пәтерді 10 жылға жалға ала алады және кейін тағы 5 жылға созу құқығымен», – деді Бишімбаев сейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, егер кейін сатып алу құқығымен жалға пәтер алу ақысы бір шаршы метрге 800-1100 теңге болса, жәй жалға алу ақысы 300-ден 600 теңгеден болмақ. Яғни екі еседей арзан. Демек, егер адамның жағдайы нашарлайтын болса, онда осындай таңдау бар.

«Егер ол адамның жағдайы жақсарып, кірісі молайып жатса, ол бұл бағдарламадан шығып, нарықтан пәтер сатып алуына болады. Немесе, егер жас отбасында нәресте дүниеге келсе, олар бір бөлмелі пәтерден осы бағдарлама бойынша ауданы үлкен екі бөлмелі пәтер сұрауына болады», – деді басқарма төрағасы.

Сонымен қатар Қуандық Бишiмбаев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі кезектегі қатысушылар алғашқы арендалық пәтерлерді осы жылдың 20 наурызына қарай алуы тиіс екенін айтты деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

«Наурызда 1357 пәтер жергілікті атқарушы органдарға беріледі, 20 наурызда алғашқы қоныстанушыларды орналастыру жоспарлануда», – деді Бишімбаев брифингте.

Оның нақтылауынша, Астанада 86 пәтер, Алматыда 708 пәтер, Көкшетауда 337 пәтер, Семейде 120 пәтер және Қостанайда 11 пәтер беріледі.

«Бұл бірінші кезең. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар кезекте тұрған адамдардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. «Арендалық баспана» бағыты бойынша салынатын барлық баспана тек кезекте тұрғандарға беріледі», – деп жалғастырды сөзін холдинг басқармасының басшысы.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз