Франция көшесінде 9 жасар қыз оққа ұшты

0
446
5
Бүлдіршіннің өмірін қиған оның 33 жастағы анасы болуы мүмкін. Қаруланған әйелді полицейлер елдің оңтүстік-батысындағы Жиронд департаментінің маңынан ұстады. Куәгерлердің айтуынша, ол жолдың маңында тұрып, өтіп бара жатқан көліктерді атқан. Оның қанша адамды жаралағаны әзірге нақты белгісіз. Тек психиатр-медбикенің көмегімен ғана әйелді ұстаудың сәті түскен. Оның барысында қылмыскер мылтығын тастап, қашпақ болған. Көп ұзамай оны жандармдар құрықтады. Артынша тиген оқтан көз жұмған қыздың мәйіті табылды. Жедел жәрдем оқиға орнына тым кеш жеткен. Ұсталған әйел ауруханаға жатқызылып, қазір психиатриялық сараптамалар жүргізілуде. Қаза тапқан бүлдіршін бұл әйелдің туған қызы болуы әбден мүмкін. Қайғылы оқиға болған департаменттің тұрғынына жатпайтын әйелдің онда қалай тап келгені әзірге белгісіз. Тек анықталғаны – оның көлігі сол маңайдан өтіп бара жатып, бұзылып қалған. Авторы: Елена Минкевич, Франция Аударған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз