ҚР ОСК: Сынақтан өткен үміткерлер 20 наурызға дейін қол жинауы керек

0
536
1
ҚР Орталық сайлау комитеті жанындағы лингвистикалық комиссия сынағынан өткен үміткерлер наурыздың 20-ына дейін қол жинап келуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша, дәл қазір ҚР ОСК лингвистикалық комиссияның қорытындысымен 2 үміткердің өтінішін қабылдады. Олар алда 93112 қол жинап, оны ҚР ОСК-ға тапсырулары керек. Ереже бойынша қол қою парақтарын кандидаттарды тіркеуді аяқтағанға 5 күн қалғанға дейін өткізуі керек. «Айта кететін жайт, бұдан бұрын қол қою парақтарын қабылдау тіркеу науқаны аяқталғанға 10 күн қалғанға дейін өтсе, ал қазір үміткерлерге тағы қосымша 5 күн берілді. Бұл олардың мейлінше көбірек қол жинауына мүмкіндік береді»,- дейді ҚР Орталық сайлау комитетінің мүшесі Марат Сәрсембаев. Авторы: Эльвира Тағайқызы

Источник: http://24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз