Уилли Монро: Геннадий Головкинмен қолғап түйістіруге дайынмын

0
415
2
WBA нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчездің Туреано Джонсон және Уилли Монроны мамыр айына жоспарланған кездесуде шәкіртінің қарсыласы ретінде қарастыру ойы жерде қалмады. Бұл туралы Sports.kz жазады. Себебі Монро қазақстандық чемпионның қарсыласы атануға дайын екендігін алға тартып отыр. «Мен Туреано Джонсонмен және тағы басқаларымен бірге GGG-дің ықтимал қарсыластарының тізіміндемін. Ештеңеге қарамастан, жекпе-жекке дайын боламын», – деп жазады боксшы өзінің Twitter-дегі парақшасында. Дайындаған: Жақтай Ә.

Источник: http://24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз