Шымкентте толассыз қар жауып тұр (фото)

0
561

Оңтүстік Қазақстан облысында жауған қар тұрғындарды таң қалдырды. Түн ортасында басталған, әлі де толастар емес.

Шымкентте толассыз қар жауып тұр (фото)

«Қазгидрометтің» мәліметтеріне қарағанда, қардың қалыңдығы 12 сантиметрге жеткен.

«11 наурызда ауа температурасы 0-ден – 5 аралығында ауытқуы мүмкін. Кей аудандарда түнде 8-10 градус аяз күтілуде», – дейді инженер-синоптик М. Төлеңгітов.

Табиғаттың тосын мінезі бау-бақша өсірушілердің алаңдаушылығын тудырды. Ағаш бүршік жарып, гүлдеп жатқан өріктер қар астында қалды.

Дегенмен синоптиктер 12-13 наурызда күн жылына бастайтынын айтады. Осы жылы наурыз 2014 жылға қарағанда, салқын болады.

Шымкентте толассыз қар жауып тұр (фото)

Шымкентте толассыз қар жауып тұр (фото)

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз