
Көрер жарығы боп ұшақ апатынан жалғыз тірі қалған қыз ауруханадан шықты деп хабарлайды КТК арнасы.28 жастағы Әсем Шаяхметова аяғына тұрып, тілеуін тілеген күллі елді қуантты.«Жақсы сезініп жатырмын. Енді үйге барамын. Сағындым бәрін», — дейді Әсем Шаяхметова.
50 күн ауруханада жатып 9 операциядан өткен Әсем аяғынан тік тұрғанына әлі сене алар емес. Жігерлі қыз арнайы құрылғыға сүйенсе де, өзі жүріп жүр. Екі айдан соң алғаш рет далаға шығып таза ауа жұтты.
Енді жақындары оны Семейге алып кетпек. Әсем емін сол туған жері Семейде жалғастырады. Алайда ай сайын Астанаға келіп тексеріліп тұрады.
Қаңтардың 20-да Жамбыл облысында «Қазақмыс» компаниясының қызметкерлері мінген Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапқан. Оның арасынан тек «Балқаштүстіметтің» бас геологы тірі қалған болатын.
По сообщению сайта Nur.kz