Халықаралық олимпиадалық комитет француз спортшыларының қазасына байланысты 3 күндік аза тұту жариялады. Күні кеше Аргентина тауларында реалити-шоу түсіруге шыққан журналистер мен спортшылар апатқа ұшырап, оқиға орнында мерт болған еді. Қаза тапқандардың екеуі әуе көлігінің тізгінін ұстаған аргентиналық азаматтар, бесеуі түсірілім жасайтын топ мүшелері, ал үшеуі Францияның туын көтерген белді спортшылар болатын. Атап айтсақ, марқұмның бірі Лондондағы Олимпиадада алтын, күміс және қола медальдардың иегері болған 25 жастағы Камиль Мюффа. Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері 28 жастағы Алексис Вастин есімді боксшы және желкенді спорт шебері 57 жастағы Флоранс Арто да ажал тырнағына ілінді. Алдынала болжам бойынша, тікұшақтың біреуі қолайсыз ауа ағынына түсіп, әуе көлігін игере алмай қалған. Сөйтіп екінші тікұшақпен соқтығысқан.
Источник: http://24.kz