Петропавлда жәшіктегі ақшаны ұрлап жатқан қыз камераға түсіп қалды

0
91
Петропавлда жәшіктегі ақшаны ұрлап жатқан қыз камераға түсіп қалды
Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде қайырымдылық жәшігі ұрланды. Бұл жайт дүкен ішіндегі бейнекамераға түскен деп хабарлайды Астана арнасы.Таспадағы жазба көрсеткендей, ұрлық таңертең, сауда орталығы енді ашылған кезде, орын алған. Бейтаныс әйел кіреберістегі жәшіктің қасында әрлі-берлі жүреді, кейін біршама уақыт ұялы телефонмен сөйлесіп тұрады. Күдікті әйел, адамдар тараған кезде, шыны қорапты сөмкесіне салып, ізін суытады. Бір қызығы, қасынан өткен ондаған адамның ешбірі бұл әрекетке назар аудармаған.

Полицейлер пысықайдың әлі құрықталмағанын айтады. Жәшікте ауыр сырқатқа шалдыққан балалар үшін жиналған ақша болған. Шыны қорап дүкенге ақпанның жиырмасында орнатылған. Қолды болған қаражат көлемі әзірге белгісіз.

«Ұрлық фактісіне байланысты Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары ұрлық жасаған әйелдің есімін анықтап жатыр. Егер де күдікті ұсталып, кінәсі дәлелденсе, 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді СҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз