Ресейде көлік бағалары қайтадан көтерілді

0
414
Ресейде көлік бағалары қайтадан көтерілді
Ресейде бірқатар автокомпаниялар рубль бағамының тұрақталуына қарай көлік бағасын қайта көтерді, деп жазады «Известия» газеті.
Ақпан-наурыз айларында көлік құнын жоғарылатқан компаниялар ішінде Mercedes-Benz, Porsсhe, Lexus, Toyota, Volkswagen, Land Rover, Jaguar, Jeep, Chrysler, Honda, Acura, Infiniti бар. Алдағы айларда Ресейде көлік бағасының өсуі рубль мен шетел көлігінің өз валютасындағы бағасы арасында айырмашылық барлығына байланысты өз жалғасын табатыны айтылған.

Бұған дейін Ресейде көлік бағасының қымбаттауы жөнінде 2015 жылдың қаңтарында хабарланған болатын. Ол кезде УАЗ, KIA, Hyundai, Nissan және Toyota 3-5 пайызға қымбаттады.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың аяғында рубль бағамының түсуіне байланысты Ресейдегі көліктер құны қазақстандықтар үшін тиімді болды. Қазақстан азаматтары Ресейден көлік сатып алуға толассыз ағылған болатын.

Еліміздің Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараты бойынша 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларында қазақстандықтар Ресейден 22 мың көлік сатып алған. Комитеттің мәліметі бойынша, ең көп импортталған көлік маркілерінің ішінде Lada, Toyota, Hyundai, KIA, Renault, Chevrolet болды.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз