Еліміздің 4 облысында жолдар жабылды

0
63
Еліміздің 4 облысында жолдар жабылды
Еліміздің кей облыстарында ауа райының күрт нашарлауынан бірқатар көлік жолдары уақытша жабылды. Бұл туралы «Қазавтожолға» сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.Ақмола облысының «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 856-917 шақырымы — СҚО шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі жол бөлігі, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 917-1247 шақырымы — Жақсы ауылынан Астана қаласына дейінгі жол бөлігі жабылды.

Сондай-ақ «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1275-1353 шақырымы — Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол бөлігі, «Астана-Ерейментау-Шидерті» тас жолының 16-205 шақырымы — Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі жолдар жабылғанын ескертті.

Сонымен қатар, Қарағанды облысынан өзге өңірлерге шығар барлық автомобиль жолдарында жүруге көліктің барлық түріне шектеу қойылған. Қызылорда облысы мен Павлодар облыстарында да дәл осы жағдай.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз