Елімізде мектеп оқушыларының қорқорға әуестігі артып барады

0
54
Елімізде мектеп оқушыларының қорқорға әуестігі артып барады
Еліміздегі мектеп оқушыларының қорқорға деген әуестігі артып келеді. «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» коалициясы осылай деп дабыл қағуда деп хабарлайды 7 арна.Қоғамдық ұйым өкілдерінің айтуынша, соңғы уақытта кальян шегу оқушылар арасында да сәнге айналған екен. Мәселен арнайы зерттеу нәтижесінде жастардың 12 жастан бастап көк түтіннің дәмін алғаны белгілі болыпты. Яғни сауалнамаға қатысқан 2100 оқушының 13 пайызы қорқор тартуды ұнатса, 9 пайызы шылым шегуге әуес көрінеді. Алайда көпшілігі көк түтіннің кесірінен көк ірің, ішек, өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығатынын білмейді екен. Сондықтан осыған алаңдаған коалиция мүшелері кальян шегуге тиым салатын қаулыны заңмен алмастыруды сұрап отыр.

«12 жасынан бастап кальян шегетін жастардың көбі оның денсаулыққа зияны жоқ әрі тәуелділік болмайды деп санайды екен. Сондықтан қорқор шегетін оқушылардың үлес салмағы шылым шегетін жастарға қарағанда 4 пайызға артық. Бұл көк түтінге тәуелді ұрпақ өсіп келе жатыр дегенді білдіреді. Сондықтан біз кальян бизнесіне заңмен тыйым салуды ұсынып отырмыз», — дейді «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» коалициясының жетекішісі Жәмиля Садықова.

Ал кальянды кәсіп көзіне айналдырған азаматтар, керісінше, қорқор шегуге рұқсат беруді сұрап отыр. Себебі шағын және орта бизнесті тексеруге жариялаған мораторий аяқталысымен, әркім басымызға әңгіртаяқ орнатады деп қауіптенеді. Сондықтан кәсіпкерлердің құқын қорғауды сұрап, Бас прокуратураға шағымданыпты.

«Еліміздің Бас санитарлық дәрігері бірнеше жыл бұрын бірқатар кальян-барларды тексеріп, соның қорытындысы бойынша барлық республика бойынша қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салды. Алайда ол зерттеудің қалай жүргізілгені бізге беймәлім. Екіншіден қабылданған қаулы баршаға ортақ болмауы керек. Ол тек тазалық талаптары сақталмаған ойын-сауық орталықтарына ғана қолданылуы тиіс деп ойлаймын», — деді адвокат Асқар Қаймақов.

Естеріңізге салайық, елімізде қоғамдық орындарында кальян шегуге 2013 жылы тыйым салынған. Себебі санитарлық-сараптама нәтижесінде қорқор түтікшелері мен сұйықтықтарынан бірқатар аурулардың қоздырғыштары табылған болатын. Алайда бұл шектеуге қарамастан, мейрамханалар мен дәмханалардағы көк түтін әлі де сейілмей тұр.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз